Мұғалімдер жасанды интеллект дағдыларын игеріп, сабақ беру үдерісін жетілдіріп келеді. Заманауи көмекшіні дұрыс қолдансаңыз, ол әр оқушының мінез-құлқын, үлгерімі мен қызығушылығын зерттеп, соған сай тапсырма әзірлейді. Бұл өз кезегінде білім сапасын ұштап, әр шәкіртті жіті тануға мүмкіндік береді.
Ораз Жандосов мектебінде қалалық оқытушылар семинары өтті. Оған 200-ге жуық мұғалім қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Спикерлер сабақ өту үдерісіне жасанды интеллект элементтерін енгізу жайында баяндама оқыды. Тиімді тұстарын санамалап, қауіпті жағын да ескертті.
ЖАНСҰЛУ СИХАМБЕКОВА, №30 О.ЖАНДОСОВ АТЫНДАҒЫ ЖОБМ ДИРЕКТОРЫ
– «Екі жылдан бері біз жи бойынша бірнеше курстан өттік. Сол курста алған білімдерін тәжірибе барысында қолданды. Енді сол тәжірибемізбен қала мұғалімдерімен бөліскіміз келіп отыр.»
Мұғалім заман ағыма ілесіп, балаға сапалы, озық білім сіңіруі тиіс. Ол үшін көрнекілік құралдарды пайдаланып, оқушының зейіні мен қызығушылығын оятуы қажет. Бұл ретте жасанды интеллекттің алар орны ерекше. Тілін білгенге тапсырма көмекші. Семинар барысында оқытушылар топқа бөлініп, тақырып аясында тапсырма орындады. Жасанды интеллект қабілеттерін игерді.
НЮЛЮФАР КОРГАНБАЕВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» КММ ӘДІСКЕРІ
– «Мұғалімдер осы семинардан алғанын келешекте өздерінің мектебінде қолданып, іске асырады деп сенеміз.»
Семинар барысында мұғалімдер баяндаушыларға сауал жолдап, тұщымды жауап алды. Тәжірибе алмасып, оны практикалық негізде ұштады.