2027 жылдан бастап бензин құны Ресеймен теңеседі. Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ мұнай өнімдері нарығы қалыптасуына байланысты елдегі бензин бағасы көтеріледі. Бұл Қазақстандағы арзан жанармайдың көрші елдерге артық экcпортын шектеу мақсатында қабылданды шешім.


Қазіргі рубль мен теңгенің айырбас бағамын ескерсек, Қазақстандағы бензин Ресеймен салыстырғанда шамамен екі есе арзан. Көрші мемлекетте АИ -92-95 маркалы бензин шамамен 80 рубльдің айналасында сатылып жатыр. Бұл біздің ақшамен 400 теңгенің шамасын көрсетеді. Мұндай өсімді жергілікті жүргізушілер қалтадан қағады дейді.


- Өзіміздің Қазақстанда шыға тұра ондай баға қиын сияқты негізінде. Осы бағаның өзі де көп қой.


- Менде де  ол жаңалықты естідім. Келесі жылы Ресеймен теңестіреміз деп жатыр. Ол жақтағы баға бізге қарағанда қымбат қой. Литрі 400-500 теңге. Біздің айлығымыз жетпейді оған.


Мұндай жағдай Қырғызстанмен арада да байқалады. Ол жақта баға едәуір жоғары. Қазақстандағы жанармай бағасының төмен болуы «сұр» экспортқа жол ашады дейді елдің энергетика министрлігі. Ведомства өкілдерінің пікірінше бензин көрші елдерге заңсыз тасымалданып, ішкі нарықта тапшылық қаупін тудырады. Сондықтан бағаны көтеру қажет, бірақ бұл бірден емес, біртіндеп жүзеге асады деді. Ал, жанар-жағармай қауымдастығы болса қымбаттаудың жағымды да, жағымсыз да тұстары болатынын айтты.


ҚАЙЫПБЕК ҚАМБАРОВ, «ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ АССОЦИАЦИЯСЫ» ЖК ЖӘНЕ ЗТБ ТӨРАҒАСЫ
Менің ойымша минус жақтары да болады. Ол инфляция. Ресейде баға қымбат бізге қарағанда. Соған алып келіп тіреп қоятын болсақ  инфляция болып баға көтерілгеннен кейін өздеріңіз білесіздер мұнай өнімдері стратегиялық тауар. Сондықтан мемлекет тарапынан әрқашан қадағаланып отыру керек.  Жақсы жағы мұның экономикалық одаққа кіргеннен кейін келісімшарттар бар дегендей. 2025 жылы баға бірдей болады деген. Кейін 2027 жылға дейін созды. Мемлекет тарапынан сараптама жасалып келе жатыр ғой. Бұл ертең бір сәтте болатын жағдай емес. Мұның барлығы бюджетке табыс келеді. Табысымызға келеді.


Елде бір жылдық бензинге деген қажеттілік 17 млн тоннаны құрайды. Ал Шымкент қаласында айына 35-40 мың тонна сұйық отын жұмсалады. Еске сала кетейін қазір Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасын көтеруге мораторий бар. Бұл шара инфляцияны тежеу үшін енгізілген