Түркістанда атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатары сиреген. Десе де мемлекеттен көмек алғысы келіп, әкімдікке алақан жаятындар азаймай тұр.


 Солардың бірқатары қала әкімдігінің азаматтарды қабыдау орталығындағы «Ашық есік» күніне арнайы барды. Фронд-офисте өткен дәстүрлі қабылдауға 50-ге тарта азамат жазылған. Олар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелері бойынша кеңес алды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, бөлінген қаржыға кәсіп бастау бағытындағы сауалдар жауапсыз қалмады. Мамандар тұрғындарға консультативтік кеңес беріп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді. Айтып өтейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты аясында азаматтарға ашық қызмет көрсету ісі жүйелі жолға қойылған. Түркістан қаласының халқы әр мезгіл облыс және қала әкімдері мен салалық басқарма басшыларының қабылдауында болып, мәселелерін толық жеткізуге құқылы. Кезекті шара түрлі мәселесі бар азаматтарға заң аясында көмек көрсетуге бағытталған бастама.


РҮСТЕМ МӘДІБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелері бойынша кеңес алды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, бөлінген қаржыға кәсіп бастау бағытындағы сауалдар жауапсыз қалмады. Мамандар тұрғындарға консультативтік кеңес беріп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.