Түркістанда еркін күрестен облыс чемпионаты өтіп жатыр. 5 күнге жоспарланған спорт додасына 2010-2011 жылы туған жастар мен 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер қатысуда. Әр ауданнан сайдың тасындай іріктеліп келген сайыпқырандардың жеңімпаздары көктемде болатын Республикалық чемпионатқа жолдама алады.


Қаңтардың 12-сінде тарихи шаһарда шымылдық түрген дода осы аптаның соңына дейін жалғасады. 600-ден аса спортшының басын біріктіретін бәйге дәстүрге айналған. Өйткені түркістандық өрендердің еркін күрестен нәтижелері жоғары.


ҒАЛЫМЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Түркістан облысы 2025 жылы көптеген жетістікке жетті. Осы еркін күресте қыздарымыздың да асығы алшысынан түскен.


 Соңғы уақытта облыс аумағында еркін күреске қызығатын жасөспірімдердің қатары артқан. Мамандар оның себебін ауыл аймақтарда спорт мектептерінің көптеп ашылуымен тікелей байланысты,-деп отыр.
Сайыстың алғашқы күнінде-ақ, асқан шеберлігімен көзге түскен жасөспірімнің бірі Дулат Орынбасар. Шардаралық жеткіншектің спортқа деген қызығушылығы ағасы арқылы артқан. Сөйтіп, 6 жасынан бастап ауылдағы үйірмеге қатысқан. Жетістіктері ауызтолтырып айтарлықтай.


Бұл дода тек жасөспірімді ғана емес оны тәрбиелеген ұстазды да шыңдайды. Өйткені дәстүрлі сайысқа қатысу үшін спортшылар жаттықтырушысымен 1 жыл бойы дайындалады. Ал жеңімпаздарды алда байрақты бәсекелер күтіп тұр.