Ұлттық статистика бюросының дерегінше былтыр Қазақстанның жалпы ішкі өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға өскен. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет экономиканы әртараптандыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Экономикалық өсімге негізгі үлесті көлік, құрылыс және сауда салалары қосқан. Өнеркәсіп өндірісінің индексі жыл қорытындысы бойынша 7,4%-ды құрады. Өңдеу секторы 6,4% деңгейінде тұрақты өсімді көрсеткен.


 Көрсеткіштер азық-түлік өндірісінің 8,1%-ға, өңделген мұнай өнімдерін өңдеу 5,9%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің үлесі 9,8%-ға, металлургияның 1,2%-ға, машина жасау өнімдерінің 12,9%-ға ұлғайғанын көрсеткен. Жыл қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласындағы өсім 20,4%-ды құрады. Ал құрылыс саласындағы өсім 15,9%-ға жеткен. Өсім жайлы мектептер, медициналық нысандар, көлік және инженерлік инфрақұрылымдар салуды қоса алғанда, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен қамтамасыз етілген. Сауда саласында да оң серпін сақталған.  Өсім 8,9%-ды құрап отыр.  Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы көрсеткіштер 5,9% құрады. Ақпарат және байланыс саласында 3,6% ілгерілеу байқалған.