Шымкентке биыл көктем ерте келетін түрі бар. Қалада бүгін сынап бағанасы +12 градусқа дейін көтерілді. Жарқыраған күннің көзі шуақ шашып, айналадан тіпті көктемнің нышаны байқалады. Миллионды қала тұрғындары биыл да жаңа жылды қарсыз қарсы алды. Дегенмен синоптиктер аптаның соңына қарай күн суытып қар аралас жауын жауады, деп болжап отыр.

 Тұрғындар қақаған қыстың ортасында күннің мезгілсіз жылынуы денсаулыққа да зиянды дейді. Шымкенттіктер тіпті қысты қарсыз өткіземіз ба деп те алаңдап отыр. Әдетте қаңтарда сары шұнақ аяз қысып, ақ ұлпаға оранып жататын қалаға көктем де ерте келетін түрі бар. Ағаштар да бүр жарып, ояна бастаған. Жұрт ерте бүршік жарған жеміс ағаштары ақпан мен наурызда суыққа ұрынып қалмаса екен, деп алаңдап отыр.



- Дәл осылай тұра беретін болса көктем шығып кетеді ғой енді. Ағаштар бүршік атып. Ол өте шаруаларға қиындау болайын деп тұр. Көктемде қар жауып үсік шалмаса болды.


- Қыс қарымен болса қызық болар еді. Бала шаға тұмаудан аман болар еді. Мынау түсініксіз ауа райы болып жатыр. Не көктем емес, не күз емес. Қыстың ортасы болса да қар жоқ. Жаңа жылды қарсыз өткіздік. 


-  Біз созақтан келіп тұрмыз қалаға. Бүгін 12 қаңтар. Ауа-райы көктемнің күніндей. Күн тамаша болып тұр. Саябақта кішкентайымызбен серуендеп жүрміз. Әр мезгіл өз уақтында болғаны жақсы.Қарымен аязымен болса қыс. 


- Күн қыстың кезінде жылып тұрғаннан кейін мынау аурудың да түрлері көп. Грип қазір өршіп тұр балалардың әсіресе. Енді қар жауса мына немерелерімізді біраз шанаға салып сүйретеміз ба деген ойымызда болған..