Ішкі істер министрлігі 9–12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Polisia.kz мәліметінше, іс-шара нәтижесінде заңсыз айналымнан 340 қару мен 2 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленіп, оның 14-і криминалдық қару екені анықталған.
Оның сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару болып шықты. Сондай-ақ алыс орналасқан шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде 70 атыс қаруы тәркіленді. Ел тұрғындары өз еркімен 35 қаруды полицияға тапсырған.
ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ, ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын хабарлайды.