Мемлекет басшысының мақаласында сән-салтанат салығына қатысты мәселелер қозғалған болатын. Кейбір ірі бизнес өкілдерінің арнайы салық төлеу қажеттігіне назар аударылды. Тарихи себептер мен ұлт болмысындағы ерекшеліктерге байланысты ірі бизнесмендер қарапайымдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерге мән бере қоймайтыны айтылды.

Мәселен, шетелдік ірі бизнесмендер қарапайымдылық қалпынан танбайды. Олар өз қаражатын өте үнемдеп жұмсайтынын және елден дараланып, көзге түскісі келмейтінін еске алады. Миллиардтаған қаржысы бар адамдар қонақүйдің қарапайым бір бөлмесінде тұруға намыстанбайды. Жеке ұшақпен ұшпақ түгілі, бірінші санаттағы орындарға да отырмайды. Бірақ бұл – олардың бойында ғасырлар бойы қалыптасқан дағды. Елімізде сән-салтанат салығы 2025 жылдың 18-шілдесінде қабылданған. Заңнамада жеке тұлғаның басында 10-дан аса үйі бар, олардың құны 450 млн теңгеден асқан жағдайда осы санатқа ілінеді.

СЕРЖАН ШӨЛДЕБАЙ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Сән-салтанат салығына жататын 18 мың АЕК-ті, яғни 77 млн 850 мың теңгеден асатын салықтар сән-салтанат салығына жатады. 450 млн теңгеден асатын салықтың барлығы сән-салтанат салығы болып есептеледі.