Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде еркін күрестен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтіп жатыр. Дәстүрлі додаға 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер мен 2011–2012 жылғы кіші жасөспірімдер қатысуда.


Облыстық біріншілікке аудан-қалалардан 620-ға жуық балуан жиналып, боз кілемде өзара бақ сынасуда. Чемпионатқа дайындықпен келген спортшылар жүлделі орынды қолдан бермеуге бекініп отыр.


АХМЕТ МАҚСҰТ, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ
Еркін күреспен айналысып жатқаныма 5-6 жыл болды. 2025 жылы ҚР жеңімпазы, Азия біріншілігінің күміс жүлдегерімін. Бүгінгі дарыста 92 салмақта бақ сынап жатырмын. Бір схватканы енді ұттым, енді алдағы қарсыластарымды тани бермеймін.


Чемпионатта жүлделі 1–2 орын алған балуандар алдағы ел біріншіліктеріне жолдама алып, Түркістан облысының намысын қорғайтын болады. 5 күнге жалғасқан дода бүгін қорытындыланады.


ҒАЛЫМ ТАСТАНБЕКҰЛЫ, САУРАН АУДАНЫ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
 Бұл жарыс жылда күнтізбелік жарыс жоспарға бекітілген жарыс. Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан командалар қатысып жатыр. 15 аудан-қаладан қатысып жатқан командалар бар. Чемпионат 2009–2010 жылғы және кіші жасөспірімдер арасында 2010–2011 жас аралығында болып жатыр. Мұндағы мақсат – алдағы Қазақстан чемпионатына іріктеу.


Айта кетейік, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 9–19 наурыз аралығында Тараз қаласында өтеді. Ал, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты 21 ақпан мен 3 наурыз күндері Талдықорған қаласында ұйымдастырылады.