Қазір логопед мамандарына жүгінетін балалардың саны күннен-күнге артып келеді. Осы орайды Шымкентте «Тіл-қимыл» логопед және массаж орталығы ашылды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру конференциясында ерекше білім қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау туралы айтты. Бұл арнайы орталықтардың рөлінің маңыздылығын көрсетеді.


«Тіл-қимыл» орталығы логопед пен массаж қызметтерін ұсынады. Мұнда сөйлеу және мәнез-құлық ерекшеліктері бар балаларға, сондай-ақ қалыпты дамып келе жатқан балаларға кәсіби әрі жан-жақты қолдау көрсетеді. Жаңадан ашылған орталығы балаларды 1 жастан бастап-ақ қабылдайды.


ЖАНАТ МЕЙІРҚҰЛОВА, СУРДОПЕДАГОГ-ЛОГОПЕД МАМАНЫ
Бүгінгі таңда біздің қызметіміз логомассаж, бір жастан бастап қабылдай береміз. Диагнозына қарай көмек көрсетеміз. Сурдопедогогика бойынша есту қабілеті бұзылған балаларға біздің қызметіміз бар.


Орталықта логопедиялық және массаж кабинеттері бар. Барлығы арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, балалардың дамуына кешенді көмек көрсететін арнайы оқытудан өткен 10-ға жуық білікті маман жұмыс істейді.


МАҚПАЛ ЕГЕУБАЕВА, ОСТЕОПАТ МАССАЖ МАМАНЫ
Әртүрлі диагноздарға байланысты емдік массаж түрлері. Дисплазия, аплазия, кіндік грыжасы болып жатыр қазіргі таңда. ДЦП, аутизм, РАС балаларды емдеп жатыр орталықта. Бұл салада жүргеніме 10 жылдан асыпты, осы уақытқа дейін 2 мыңнан астам балаланы өз алақаныммен емдеп шықтым.


Орталықтың ашылуы балалардың әлеуетін ашуға, отбасыларға сенім мен тірек болуға бағытталып отыр.