Кептелестен көз ашпайтын көшеге көпір салынып, қолданысқа берілді. Бұрындары Момынов көшесінде орналасқан темір жол өткелі көлік қозғалысына кедергі жасап, машиналар 10-15 минут кідіруге мәжбүр болатын. Пойыздар өтіп боламын дегенше ұзын-сонар көлік тығыны қалыптасып, жүргізушілерді мезі ететін. Жаңа көпір мәселені шеше алды ма?
Міне, көлік кезегі сарқылмайтын көшенің қазіргі қалпы осы. Кептеліс жоқ. Қала билігі мәселені шешу үшін былтыр наурыз айында автокөлік өткелін салып бастаған.Ұзындығы 132 метрге созылады. Құрылыс жұмыстарына 8,5 млрд теңге бөлінген. Жылға жетпей жұмысы сапалы, уақытылы аяқталған көпір енді автокөлікке де, темір жол қозғалысына ыңғайлы жағдай жасап, ұзын-сонар тізбекті болдырмайды.
РОЛАН ИБРАГИМОВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Президенттің тапсырмасына сәйкес көлік логистикасы дамып жатыр. Темір жол арқылы бір күнде 59 поезд жүреді. Көріп тұрғандарыңыздай әр 20 минут сайын пойезд өтеді. Бұл 15 минуттық кептеліс қалыптастырады.Қазір көріп тұрғандарыңыздай көліктер теміржолды күтпей жүріп жатыр»
Әзірге өткел құрылысы 90 пайызға аяқталған. Алдағы уақытта көпір жақтауына жарықшам орнатылып, асфальт бетіне екінші қабат төселеді.
ЕРКІНГҮЛ ОСПАНАЛИЕВА, «БЕРЕКЕ» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Жоба бойынша істеген соң біз бұған 50 жыл бойы жауап бере аламыз. Қазір машиналар жүйіп, асфальт кішкене отыру қажет. Қар бітіп, жаңбыр тоқтағанда екінші қабатты теп-тегіс қылып төсеп беруге тырысамыз.»
Айта кетейік қалада бұдан бөлек Тленшин көшесінде орналасқан темір жол өткеліне де көпір салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бәдібек би-Төлеметов көшелерінде орналасқан көпір құрылысы да қарқын алған. Тұрғындарға ыңғалы жағдай жасау мақсатында жауаптылар көшені түгел жаппай, керек тұсын ғана қоршауға алған.