600 аса Шымкенттік әке алимент төлеуден жалтарып жүр. Оның 412-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 256-сы қамаққа алынған. 98 борышкерге соттың айыптау үкімі тағайындалған. Бұл туралы қалалық әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова мәлімдеді.


АЙНҰР ИСАБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Егер азамат сотың шешімін орындаудан жалтарса 5 АЕК айыппұл салынады немесе 5 күн қамақ жазасы тағайындалады.Осы шаралардан соң да алимент төлеуден жалтаратындар бар. Ондай адамдарға құқық қорғау органдары айыптау үкімдерін шығарды.»


Авторлық құқықты қорғау мақсатында цифрлық платформа іске қосалады. Жүйе шығарманың қайта, қалай пайдаланылғанын анықтайды. Өз кезігінде бұл авторларға төленуі тиіс қаржының ашық әрі әділ берілуін қадағалайды. Егер ұқық иесі өз еңбегін өзге біреу заңсыз қолданды деп есептесе, әділет органдарына шағымдана алады.


АЙНҰР ИСАБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
 «Жүйеде арнайы адам отырмайды. Автоматты түрде есептейді.» - 19:40, 20:08 – «Шәйші Қалдаяқовтың әндері қаншама рет айтылғанын ешкім есептеп отырған жоқ. Ал мына жүйе соны есептеп, саладғы әділдік принцптері іс жүзінде іске асатын болады.»


Былтыр Шымкенттік нотариустер 868 мың адамға қызмет көрсеткен. Оның 43 мыңы «Е-НОТАРИ» платформасы арқылы онлайн жүзеге асқан. Сондай-ақ енді азаматтар қажетті заң нормалары мен құқықтық кеңесті арнайы маман көмегіне жүгінбей-ақ жасанды интеллекттен сұрай алады. Виртуралды көмекшіге қалай, қандай сауалдар жолдауға болады?


 АЙНҰР ИСАБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ 

«Заңнамалық актілер жинақталған «Әділет» атты платформа бар. Сонда осындай көмекші бар.»


Баспасөз отырысы әрі  қарай сұрақ-жауап форматына жалғасып, департамент басшысы журанлистер жолдаған сауалдарға жеке-дара тоқталып, тұшымды жауап берді.