Қалада "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы дәстүрге айналған. «AMANAT» партиясы мүшелері қолға алған жоба жанданып келеді. Бұл жолы 3-ші мөлтекауданда тазалық шарасы өтті. Акцияға 100 ге жуық адам жұмылып арық-атызды қалдықтардан тазартты. Аулаларды сыпырып ретке келтірді.
Қыстың шілдесінде күн күрт жылып қаладағы арық атыздардағы табиғи қоқыс көзге көрініп тұр. Сондықтан әр аула арналарды жапырақтан аршу мәселесі өзекті. AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері тазалық жұмыстарына белсене атсалысуда.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Таза Бейсенбі бірінші кезекте қала тұрғындары мен қонақтарын тазалыққа шақыруда басты мақсат тұтады. Сондық өзіміз келіп атсалысып жатырмыз.
Тазалық жұмыстарына коммуналдық қызмет мекемесінің жұмысшылары сүбелі үлес қосуда. Бастаманы ерікті жастар қолдай кетіп игі іс жалғасты.
АБАЙ СЫРЛЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ» ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ
Біздің жастармыз қалмай қоршаған ортаға үлес қосып келеміз. Белсенді жастар болып таза бейсенбіге үлес қосып жатырмыз.
Жоба 2024 ші жылдың сәуір айынан бері жалғасып келе жатыр. Партия өкілдері қолға алған іс-шара осымен 88 ші рет өтіп жатыр. Нәтижесінде 80 тонна қоқыс шығарылған. Жалпы атаулы акцияға 3 мыңнан астам азамат атсалысқан.