2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары елімізде 11,9 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша 3,1 млрд теңгеден астам берешек барын анықтады. Олар республика бойынша 629 кәсіпорынға тексерулер жүргізген. Сонымен қатар еңбек заңнамасының 8,7 мыңнан астам бұзушылық фактісі тіркелді.


 Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 4 245 ұйғарым беріліп, 524,3 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, соның ішінде жалақы берешегін өтеудің нақты кестелері мен мерзімдерін белгілеу арқылы 11,8 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 2,85 млрд теңге төленді. Жалпы 2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 599 тексеру жүргізіп, 8 720 заңбұзушылықты анықтады. Оның ішінде еңбек қатынастары саласында – 7 089, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 585, халықты жұмыспен қамту саласында – 46 факт тіркелді. Нәтижесінде 51 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.