Мемлекет тарапынан қолға алынған тағы бір тиімді жоба ол «Жастар пркатикасы». Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Дипломы қолында болып еңбек өтілі болмай жұмысқа орналаса алмай жүрген жастар осы орталыққа тіркеліп, өз мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналаса алады.Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі оның мерзімі бір жылға ұзартылуы да үлкен мүмкіндік болып отыр.Шымкентте жыл басынан жоғарғы оқу орынын бітірген 150 жас маман жұмысқа орналасты. Олардың дені жастар практикасымен жұмысқа барды.Одан бөлек білім, туризм ауыл шаруашылығына еңбекке тартылып жатыр.
Әлжанова Аружан былтыр ғана жоғарғы оқу орнын бітірген.Ол өзгелер сияқта Астана мен Алматыға емес өзі туып өскен шымқалаға жұмыс іздеп келіпті. Жастайынан фармацевт болуды армандаған жас маман енді өзі туып өскен жерде жүріп, халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүр.Құжаттарын үйде отырып ұялы телефонның көмегімен тапсырған
Былтыр қаламызда Аружан сияқты мыңнан астам жас маман жұмыспен ақмтылды. Барлығы барған жерлерінде бір жыл алаңсыз еңбек етеді. Ептілігіне қарай тұрақты жұмысқа орналасып жатқандары да бар. Жұмыспен қамту орталығына өзге жақта жұмыс істеп жүрген жастардан да электорнды өтінімдер түседі екен. Яғни фицрлы қазақстан бағдарламасы аясында жастар кез келген жерде, тіпті үйінде отырып та тіркеуге тұра алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильдігі орталығы «Enbek.kz» платформасы арқылы мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді түсіндіру,мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер мен жеңілдіктер жұмыспен қамту, «қарызсыз қоғам» жобасын, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медицицналық сақтандыру» жүйесін түсіндіру жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, арнайы буклеттер таратқан.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына орай «Еңбек мобильді орталығы» тарапынан 2025 жылға 130 іс-шара жоспарланған.Нәтижесінде білім беру ұйымдарында шалғай елді мекнедерде түсіндіру жұмыстары мен арнайы еңбек жәрмеңкесі өткізілген.
Еңбек мобильдігі орталығы «Enbek.kz» платформасы негізінде қаладағы адамдар көп шоғырланатын ойын-сауқы орындары мен базарлар, білім ұялары мен парктерде арнайы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізіп келеді.