Шымкент қалалық қуыршақ театры Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі тұңғыш кәсіби қуыршақ театры болып құрылды. Аталмыш өнер ордасы 1983 жылы тамыз айында мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың тікелей қолдауымен негізі қаланған болатын.1984 жылдың ақпан айында Г. Ландаудың «Ку-ка-ре-ку» спектаклімен шымылдығын түрді.1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Т. Өтебаев театр репертуарына алғашқы қазақ тіліндегі қойылымдарды енгізіп, оның көркемдік бағытын жаңа деңгейге көтерді.2020–2023 жылдары театр репертуары ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды насихаттайтын қойылымдармен толықты.Бүгінгі күнге дейін көрермендерге екі тілде спектальдер қойылады.
Қазіргі таңда театр репертуарында әлемдік классика, халық ертегілері мен отандық және шетелдік авторлардың шығармаларынан құралған 180-ке жуық қойылым бар.Әлеуметтік желіде белсенді ұжым қойылым билеттерінде тикетон арқылы сатады.Балалардың рухани дамуына үлес қосатын театр балабақша мен мектептерге де жиі барып тұрады.
Шымкент қалалық қуыршақ театры республикалық және халықаралық фестивальдердің бірнеше дүркін лауреаты атанды. Қазақстан мен шет елдерде өткен халықаралық және республикалық фестивальдердің жүлделерін иеленді. Мұның барлығы бірлігі мол ұжымның қажырлы еңбегін көрсетеді.
Қуыршақ театры 1989 жылдан бастап «Алтын делфин» секілді фестивальдер және дәстүрлі түрде өтетін додаларда топ жарып «Жылдың ең үздік мәдениет және өнер мекемесі» атанды. Республикалық деңгейде ТОП-3 үздік театр қатарына еніп, «Сала үздігі – 2015» ұлттық сертификатын иеленді.Сахнадағы әртістердің еңбегі үнемі осылай бағаланып отырады.
Сахна әртістерінің айтуынша:баланы болып жатқан оқиғаға сендіру үшін актерлік шеберліктің мықты болуы қажет.Өйткені баланың ойлау жүйесі ересек жастағы көрермендерден ерекше-дейді жоғары дәрежелі актер Ерғали Тұрдалиев.
Театр репертуарында қазақ тілінде 35 ке жуық,ал орыс тілінде 20 дан қойылымдар бар.Оны барлығы тек режиссермен актердің еңбегімен ғана еселенбейді.Сахна сыртында жүрсе де актерлер мен қуыршақтарға киім тігетін мамандардың атрақатын қызметі маңызды.Пернекүл Әмірханқызы өз ісінің маманы.Ол әр қойылымға ерекше ықыласпен киімдер тігеді.
Баланың ой өрісін дамыту маңызды қадамдардың бірі.Ұялы телефонға телмірген ұрпақтың ойлау қабілетін артыру үшін рухани байлық қажет. Ал рухани байлық кітап оқумен қатар танымдық дүниелерді тамашалағанда қалыптасады.Қуыршақтың қимылына қызықпайтын бала жоқ шығар сірә.қуыршақтар әр қойылымнан кейін тазаланып,ұқыппен ұсталады. Театр ғимаратында сақталған 600 ге жуық қуыршақтың күтімі де өзгеше.
Қуыршақ театрының жеткен жетістігі мол.2024 жылы «Театр көктемі – 2024» I қалалық фестивалінде «Көркем актерлік ансамбль» номинациясын жеңіп алды.2025 жылы Астана қаласында өткен IV Халықаралық «Құралай» фестивалінде «Үздік актерлік ансамбль», Ақтау қаласында өткен «NOMAD PUPPET AKTAU» халықаралық фестивалінде «Ұлттық дәстүрді сақтағаны үшін» номинацияларының иегері атанды.Ұлттық өнер қашанда биік бағалануы тиіс.Ол биіктеген сайын біз өркениетті елдер қатарынан көрінетініміз анық.