Елімізде жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Мамандардың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың қазіргі өмір сүру дағдысына, қоғамдағы жаңа талаптар мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделіп әзірленген.


 Заңгерлер мен саясаттанушылардың пікірінше, құжаттағы жаңашылдықтардың басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту және қоғам мен билік арасындағы жауапкершілік тепе-теңдігін сақтау.


Мамандардың сөзінше, қазіргі қоғам цифрландыру, еңбек нарығындағы өзгерістер, урбанизация сияқты жаңа үдерістерді бастан өткеруде. Сондықтан негізгі заң да заман ағымына сай болуы тиіс.