Биылғы Ұлттық құрылтайда елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірнеше маңызды өзгеріс қаралды. Вице-президент лауазымын енгізу, бір палаталы парламент құру, Ата заңға енгізілетін түзетулер – қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыптар. Саяси жүйедегі жаңалықтарды тілші тарқатады.
Енді елімізде жаңа мемлекеттік лауазым – вице-президент пайда болады. Оны Мемлекет басшысы тағайындайды. Бұл бастама парламенттік реформа аясында енгізілмек. Жаңа заң жобасына сәйкес, бір палаталы парламент құрамында 145 депутат болады. Төрағаның үш орынбасары бекітіледі, ал комитеттер саны 8-ден аспайды. Мемлекет басшысының өкілеттігіне қатысты да маңызды өзгерістер бар. Қазіргі заң бойынша Президент өз міндетін атқара алмай қалған жағдайда, оның өкілеттігі Сенат төрағасына берілетін. Енді бұл тәртіп өзгереді. Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі ай ішінде кезектен тыс сайлау өткізіледі.
БАУЫРЖАН ӘЛТЕЕВ, «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Парламенттік реформа аясында Ата заңға да елеулі түзетулер енгізіледі. 2022 жылы қабылданған реформалар нәтижесінде Конституцияның 33 бабы жаңартылған болатын. Мемлекет басшысы бұл жолы өзгерістер ауқымы кеңейетінін атап өтті.