Шымкенттік жас өнертапқыштар Қазақстандағы алғашқы «Өмір капсуласын» ойлап тапты. Олардың айтуынша құрылғы апатты жағдайларда адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, түрлі табиғи және техногенді апат салдарын жоюға көмектеседі. Цифрлық жүйеге негізделген капсула  тау мен таста, көл мен шөлде еркін жүреді. Тақырыпты жас ғалымдармен жүздесіп қайтқан тілші сабақтайды.  


Марлен биыл мектеп бітіреді. Мирас тоғызыншы сыныпта оқиды. Олар екі жылдан бері осы жобамен айналысып келеді.Капсула күн көзінен қуат алады. Құрылғының басты ерекшелігі «SOS» батырмасы кез келген жерде жұмыс жасайды. Ішінде монитор, ауа тазалағыш пен басқару тетіктері орналасқан.


Робототехниканың болашағы жасанды интеллектпен тығыз байланысты, сол себепті осы салаға қызығып, арнайы курстарға қатысып келемін - дейді Мирас.Өнертапқыштар алдағы уақтта капсуланы жетілдіріп, қосымша құрылғылар қосу арқылы барлық салаға қолдана беруге ыңғайлы әмбебап дүние етіп жасамақшы.


Құтқару капсуласының әзірге қазақстанда баламасы жоқ. Шәкірттер жетекшілерімен бірлесіп жобаның ғылыми негіздесемеін толық жасап шыққан. Ендігі армандары  жобаны паттентеп, өндіріске енгізу.


 Бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған білікті ұстаз екі жыл бұрын мектеп жанына арнайы Роботехника курсын ашқан. Бір ерекшелігі оған көп балалы отбасыдан шыққан оқушылар қатысады. Жас ғалымдар осы аралықта көптеген тың жобалар жасап, түрлі байқауларда топ жарған. Жас өнертапқыштардың тың туындысы  Түркістан қаласында өткен Ontustik FIRST Qualifier 2026 байқауда жеңімпаз атанған.