Қаңтардың бірінші және екінші аптасын салыстыра қарағанда жіті респираторлық вирустық инфекция 1,8 пайызға өскен. Әр жылдың 30 қазаны мен 30 сәуірі аралығында тұмау типті аурулар бас көтереді. Әдетте, көзі жасаурап, жөтел қысып, мұрны бітелген азамат ағзадағы өзгерістерге мән бермей асқындырып алады. Маман пікірінше, тұмау мен ЖРВИ симптомдары байқалысымен-ақ оқшауланып, ем-дом шараларын бастау қажет. Әйтпегенде, ауру дендеп, хәл нашарлауы мүмкін.


Тұмау типті жұқпалы ауруларды қоғам мүшелеріне тасымалдап, таратпау үшін науқас өзін-өзі оқшаулауы тиіс. Медициналық көмек шақырып, дереу емделу қажет. Қоғамдық орындарға бара қалса, бетперде тағып, ауру ошағын бүркеуі керек. Ал мүлдем сақтанып, ауырмау үшін не істеу қажет?


 Мамандар ауырып ем іздемес үшін, ауырмайтын жолды ұсынады. Ол үшін әр азамат жеке бас гигиенасына жіті мән беріп, тазалық сақтауы қажет. Көшеден үйге кірерде қолды міндетті түрде жуып, ауыз қуысын шаю керек.