Бексұлтан Бекқұлов смарт-банер ойлап тапты. Ол келешекте қаладағы банерлерді күн сәулесі энергиясына ауыстыруды көздейді. Жасанды интеллект базасында жасалған жоба сәуле сіңіретін панельдердің қуатын арттыруға мүмкіндік береді.
Айша Ергешова - «Роботикс» клубының мүшесі. Ол автоматтандырылған стетоскоп ойлап тапқан. Медицина саласына қажетті бұл құрал жүрекке лезде диагноз қоя алады. Жасанды интеллектпен интеграцияланған жоба адамның жүрегін тыңдау арқылы науқастың жағдайын анықтайды.
Елімізде кәсіби кадрларды даярлау мақсатында мектептер мен жоғары оқу орындарында тиісті білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 650 мыңнан астам студент AI-Sana бағдарламасы аясында білім алды. Алдағы уақытта жасанды интеллектке мамандандырылған зерттеу университетін ашу жоспарлануда.
Жасанды интеллект арқылы жасалған тың туынды «Саяхат» деп аталады.Отандық туризмді дамытуға бағытталған жоба жоспарыңызды айқындауға көмектеседі.Қалауыңызға қарай қажетті орынды тауып беріп, қауіпсіздікпен де қамтамасыз етеді.
Шымкенттік оқушылар мұндай идеяларды сабақ үстінде жүзеге асырады.Жасанды интеллекттің қыр-сыры жайлы тәлім алып, дағдысын дамытады.
Елімізде жасанды интеллект арқылы білім беру ісі бір жолға қойылды.Осы жылы аталған бағытта жана оқу орны ашылмақ.Ал оқушылар жаңа дағдыны меңгеріп, жоба жасауды жалғастыратындарын жеткізді