Өзбекәлі Жәнібеков университетінде «Ғылым, білім және шығармашылық – конституциялық дамудың стратегиялық негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Студенттер мен оқытушылар қатысқан жиында ата заңға енген өзгерістер мен толықтырулар жайы талқыланды. Білім саласына қатысты жаңашылдықтар сарапталды.
Дөңгелек үстелде ата заңға енген білім саласына қатысты өзгерістер талқыланды. Зайырлылық, білім алу мен беру талаптары сынды негізгі қағидаттар сөз болды. Оқытушылар заңнамадағы әрбір бап пен бөлімге тоқталып, тақырыпты тарқата баяндады.
ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
– «Сонымен бірге осы жерде айтылған ең маңыщды мәселелердің бірі. Білім беру мекмелерінде білім мен тәрбие зайырлы сипатта болады. Тек діни білім беретін ұйымдарда ғана діни білімдердің берілетіні айтылған.»
Ұстаздар ұстаханасы атанған университет жаңашылдықтан тосырқамайды, қайта студенттерін заман ағымына сай оқытуға тырысады. Мақсат аясында оқу орын жасанды интеллект пәнін енгізген. Студенттердің айтуынша, шәкірттің мұндағы белсенділігі диплом қағазына таңбаланады. Бұл маманның жасанды интеллект қабілеттерін қаншалықты игергенін көрсетіп тұрады.
МЕЙРАМБЕК ТЕҢЕС, СТУДЕНТ
– «Қазіргі уақытта конституцияға сәйкес кез-келген мамандықтың диплом бөлімінде «жаңғырту» деген түсінік бар. Оның ішінде жасанды интеллектке көңіл бөлінген.»«3 курста бізде майнер сабақтары болады. Бұл педогогтың қосымша қабілеттерді үйрену сабақтары. Біз болашақта оқушыларға соны үйретуіміз керек.»
Дөңгелек үстел барысында студенттер баяндамашыға түрлі сұрақтарды жолдап, тұщымды жауап алды. Өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, көзқарастарын білдірді.