Ағзадағы психикалық бұзылыстар – бүгінгі қоғамда жиі кездесетін, бірақ көп жағдайда дер кезінде мән берілмейтін мәселе. Дәрігерлердің айтуынша, психикалық денсаулық – жалпы ағза саулығының маңызды бөлігі.
Мамандардың пікірінше, психикалық бұзылыстардың негізгі белгілеріне ұзақ уақытқа созылған күйзеліс, себепсіз үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің өзгеруі, ашушаңдық, енжарлық және қоғамнан оқшаулану жатады. Кейбір адамдарда жүрек қағу, демігу, бас айналу сияқты физикалық белгілер де байқалуы мүмкін.
Дәрігер-психиатрлар мен психологтар мұндай белгілерді елемеуге болмайтынын айтады. Ерте диагностика – тиімді емнің кепілі. Уақытылы маманға жүгіну арқылы асқынудың алдын алуға болады. Сонымен қатар, күйзелісті өз бетінше жеңе алмаған жағдайда кәсіби көмекке жүгіну – әлсіздік емес, керісінше өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың белгісі.