Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы халық алдында есеп берді. Шаһар аумағында 2025 жылы құқық қорғаушылар атқарылған жұмыс барысы айтылды. Жедел-қызметтің нәтижелері сараланды. Есепті кезеңде Түркістан қаласы аумағында бірқатар бағыттар бойынша жақсарған.
Түркістанда ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 86,0%, ауыр қылмыстар бойынша 85,6% көрсеткішке жеткен. Ұрлық қылмыстарының тіркелімі 15,0%-ға төмендеп, 113 деректен 96-ға азайған. Пәтер ұрлығы 53,8%-ға қысқарып, 26 деректен 12-ге дейін төмендеген.
Сондай-ақ, қоғамдық орында жасалған қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 14,9%-ға, көшелерде жасалған қылмыстар 6,1%-ға, отбасы тұрмыстық қатынастағы қылмыстар 22,5-ға азайған. Десе де жиын барысында тұрғындар тарапынан сауалдар толастамады.
Түркістанда өзекті мәселелердің бірі – интернет-алаяқтық қылмыстары. 2025 жылы Түркістан қаласында 204 тұрғын интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен. Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында кешенді шаралар жүргізуде. Тұрғындар арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы профилактикалық бейнематериалдар таратылуда.