Парламент Сенатының депутаттары Шымкентте №2 қалалық аурухана ұжымымен кездесті.
Спикерлер медицина қызметкерлеріне жаңа Ата заң жобасының басты бағыттарын түсіндірді. Кездесу өзара пікір алмасу форматында өтті. Әсіресе адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Қазіргі таңда енді азаматтар әділеттілікті қалайды. Және біз қаншалықты қорғалғанбыз деген мәселелер, сондықтан да жаңа Конституцияның преамблуасынан бастап ең басты идея ол - азаматтардың құқығын қорғау мәселесі нақтыланған.