Шымкентте жаңа фармацевтикалық зауыт салынады. Кәсіпорында дәрі-дәрмектің 38 түрін өндіру жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 40 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тартылмақ.Тиісті қаулыға Олжас Бектенов қол қойды.


З ауыт алғашқы өнімін 2029 жылы шығаруды көздеп отыр. Мұнда өндірілетін дәрілер онкологиялық, жүрек-қан тамыры, инфекциялық және созылмалы ауруларды емдеуге бағытталады. Жоба отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін фармацевтика саласында жалпы сомасы 316 млрд 300 млн теңгені құрайтын 6 инвестициялық келісім жасалған болатын.