Шымкент қаласы бүгінде саяхаттаудың жаңа бағытына айналып келеді.Өйткені мұнда тұнып тұрған тарих бар. Мысалы ежелгі қала орны біздің мәдениетіміз бен өркениетімізден сыр шертетін ерекше орын.Олай деуге негіз көп. Тарихшылар мен археологтар бүгінде жан-жақты зерттеу жүргізіп жатыр.Жылына 4 мыңнан аса саяхаттаушы  біздің өткенімізбен танысады.



Ескі қалашық – Шымкент қаласының тарихын айшықтайтын, тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық нысан. Оның  көлемі -  4,5 гектарға жуық. Кешен қазіргі мегаполистің оңтүстік бөлігінде, қала деңгейінен биік орналасқан. 2021 жылы  1-мамырда «Шым қала» тарихи - мәдени кешені келушілерге өз есігін айқара ашты.


Айта кетсек, мұнда өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазба жұмыстары жүргізілген. Ал екі мыңыншы жылдардың басында бұл жерге археологтардың қызығушылығы артып, қазба жұмыстарының ауқымы өсті.Табылған құнды дүниелер кешенге келушілерге таныстырылып отырады.


Жоғарыда айтып өткеніміздей ең ежелгі қаланы көруге келетіндердің саны күн санап артуда.Туристтерге үш тілде тарихымызды баяндау,түсіндіру осындағы мамандардың біліктілігі.


Бүгінгі таңда көне қала тарихын зерттеу үшін үздіксіз археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.Тарих ғылымдарының докторы, архелог, ҚР ҰҒА академигі Б.Байтанаев сол зерттеулерінің негізінде 2012 жылы «История Шымкента» атты көлемді ғылыми еңбек жазып шығарды. Ол басқарған экспедиция 2003-2004 жылдардағы қазба нәтижесінде қаланың 2200 жылдық тарихы 2019 жылы ЮНЕСКО көлемінде мойындалып,  Халықаралық іс-шаралардың тізіміне кірді.Бүгінде ашылып жатқан жаңалық көп.


2020  жылғы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде батыс Шахристан аумағынан темір бұйымдар табылып, мұнда ұстахана болғандығы анықталды. Музейлендіру жұмыстарына сәйкес XVII-XVIII ғғ. тиесілі ұстахана және ұста баспанасы жасалынды.

Бұл ескі қалашыққа келгендер біздің салт дәстүрмен,әдеп ғұрыптармен және көне қала тұрғындарының тұрмысымен таныс болады.Оған біздегі дерек пен дәйек жетерлік.Мысалы:Қамалдың  қорғаныс қабырғасына жапсарлас салынған шығыс мұнарасының өзіндік тарихы сақталған.


Мамандардың сөзіне сүйенсек бірнеше ғасырға тиесілі мекенді жылдар бойы тұрақты түрде зерттеу қажет.Сонда ғана қазақ тарихының беттері жаңа деректермен толығары сөзсіз.