Соңғы жылдары Еңбекші ауданында ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Электр желілері жаңғыртылып, жаңа трансформаторлар орнатылды. Табиғи газбен қамту жұмыстары кеңейтілді. Ал кәріз жүйесін дамыту бойынша құрылыс жұмыстары әлі де жалғасып келеді.
Бүгінде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектарды құрап, халық саны 230 мыңнан асты. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан орналасқан. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында ауданда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі таңда ауыз сумен қамту деңгейі 97 пайызға, электр жарығы - 99,8 пайызға, табиғи газ - 97 пайызға, асфальт жолдар - 96,5 пайызға жетті.
Ауданда жол инфрақұрылымын жақсарту да басты назарда. 2025 жылы 158 шақырымнан астам көше асфальтталды. Ал 2026 жылы тағы 29 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар салынып, ескілері жөндеуден өтті.Көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, 367 көше толық жарықпен қамтылды.
Қазіргі таңда ауданда 88 ашық спорт алаңы жұмыс істейді. Сондай-ақ, қоғамдық кеңістіктер мен гүлзарлар саны артып, жаңа спорт кешендері пайдалануға берілді. Өткен жылы аудандағы Шоқан Уәлиханов көшесінің бойында жаңа гүлзардың құрылысы жүрген болатын. Мұндағы тұрғындар осы жұмыстың жүйелі түрде атқарылып, ел игілігне берілгеніне дән риза.
СЕРГЕЙ МЕРКУШЕВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ
Мен осы аумақта 1960 жылдан бері тұрамын. Бұл жерде бұрын иесіз ит-мысықтардан басқа ештеңе көрметін едік. Айналаға қарсаң көңіл құлазитын. Қазіргі жағдайы міне, қандай керемет. Біз мұнда кешқұрым сейіл құрамыз. Көршілкермен отырып, әігіме дүкен құрамыз. Осындағы жасалған дүниелерді қызғыштай қорып жүреміз. Жастарға айтарымыз. Осындай қамқорлықты дұрыс пайдаланыңыздар дейміз. Спортпен шұғылданыңдар дейміз. Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеклвке алғыстан өзге айтарымыз жоқ. Шымкент біздің сүйікті қаламыз.
Құрылыс жұмыстарын жүргізген «Шарапат» мүгедектер қоғамы бұл нысанға 21 млнғ теңге жұмсапты.
Ал, бұл аумақ қаңғыған, иесіз ит мысықтың мекені болатын. Ат шаптырым жерге спорт алаңшасы салынып, самалжайлар орнатылды. Қазір бұл жер тұрғындардың кешқұрым сейіл құратын орнына айналған. Көркі көз тартады.