Бұл қазір сәнге айналғанымен, уақыт өте келе ұмытылып кетеді... Кітап пен газет қана – мәңгілік рухани қазына». Бұл - Елбасы пайымы. Президент ойын жақтаған бәйдібектік оқырмандар осы орайда бір газетке айрықша адал. Ол – «Алғабас» басылымы. Ауылдағы ағайын күні кеше 80 жылдық тарихы бар сол газеттің мерейтойын тойлады.

Бұл басылымның бастауы алыста. 1935 жылы Шаян ауданы қайта құрылған сәтте жарық көрген. Қазақтың оғландары оққа ұшқан репрессия жылдары мен отты соғыс кезеңіндегі бар оқиға бәрі де осы газет арқылы елге баяндалып жатты.  Баспада бүгінде 30-дан астан жұмысшы бар. Баяғы үрдіс үзілген жоқ. Аудандағы айшықты оқиғаны дер кезінде толық жеткізіп отырған тілшілер қауымының еңбегі ерен, - дейді басшылығы.

Бағдат Қалаубай,  «Алғабас» газетінің редакторы;

Газет материалдарының 99,1 пайызы шындық деректер, 1 пайызы журналистік пікірлер. Оның өзі шындық. Мұны біз қоғамның көзқарасы деуіміз керек.

Салтанатты шара барысында ардагер журналистер мен елдің мұң-мұқтажын қалтқысыз жариялап келе жатқан тілшілерге арнайы құрмет көрсетілді.

Халық пен билік арасында алтын көпір орната білген «Алғабас» газетінің тілшілері өздерінің орнықты ойлары мен журналистік пікірлерін жариялауда тайсалмай келеді. Мұны жергілікті билік те мойындап отыр.

Батырбек Көшербай, Бәйдібек ауданының әкімі;

Ұжым қызметкерлері уақытпен санаспай, ауданның жеткен шежірелерін жариялауда өз үлестерін қосып келеді

Осылайша, редакция ұжымы мерейлі мерейтой қарсаңында бір жасап қалды. Оқырманның алғысын арқалап, шығармашылықтың шырқау биігіне өрлейтін күш-қуат алды. Қалам мұқалмасын!  

 

ПЕРИЗАТ НҰРБАЕВА