Тау балалары... таулы аймақтағы қақтығыстарды ұмытқан жоқ. Сай-саланы кезген содырлар... әлі жандарында жүргендей... әсерде болады. Бұл... тән жарасы жазылса да, кез-келген соғыстың... жан жарасы ұмытылмайтынын аңғартады. Төлеби ауданында өткен тағылымды кеште қалың қауым Кеңес Өкіметінің солақай саясатының құрбаны болған боздақтарды еске алды.
Күмісбек Өтебаев - Төлеби аудандық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы
Қаншама боздақтар 29 жыл бұрын Ауған елінде қаза тапты. Бүгін арамызда жоқ ардагерлерді еске алып отырмыз.Олардың жасаған ерлігін бәрі жасай бермейді.Біздегі тілек балаларымыз соғысты көрмесе екен дейміз.
Төлебилік өнерпаздар орталықтағы мәдениет үйінде қазақ елінің рухын көтеретін әндер шырқады.
Кеш барысында жиналғандарға патриоттық тақырыптағы бейнесюжет көрсетілді. Сонымен қатар, ардагерлердің ерен еңбектері еселеніп, медальдар тағылды.
Түлкібастықтар да туған жерден бір уыс топырақ бұйырмаған ардақтылары үшін қамықты. Тыныштығы бұзылған елге... ауданнан кезінде... 72 азамат аттанған. Оның 10-ы Отан алдындағы борышын өтеп жүріп, әскери қақтығыстар кезінде көз жұмды. Сол боздақтардың ерлігіне тағзым еткен жұрт ескерткіштеріне барып, гүл қойды. Баһадүр батырларды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шарада сөз алған аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков тарихтан тамырлы әңгіме қозғады.
Нұрбол Тұрашбеков – Түлкібас ауданының әкімі
Халқымыз қашанда Отан алдындағы азаматтық борышына ақтық демі таусылғанша адал болған аяулы азаматтарының абыройын асқақтатып, беделін биіктете беру қажет/
Кез-келген ел сойқын соғыс, қанды қақтығыс.., экономикалық қиындық, саяси шиеленіс болмасын, елдік рухы, бітім-бірлігі арқылы ғана тығырықтан шығады. Жиналғандар жастарға... осы жағынан мол ұлағат айтты.
А.Байзахова