Қазығұрт тауы - көне заманнан келе жатқан, атағы кеңге жайылған қасиетті, әулиелі өңір. Сонау ерте дәуірден бері топан суда Нұқ пайғамбардың кемесі қайырлап, жаңа тіршілік осы жерден басталды деген аңыз бар. Халқымыз ежелден-ақ «Қазығұрт - киелі тау» деп санаған. Осы орайда халық қалаулылары қасиетті тауды қастерлеу мақсатында Ту тікті.
Мұхтар Момынов - Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты
Қазығұрт ауданынна 90 жыл толып отыр. Осы тоқсан жылдыққа және Қазығұрт тауын насихаттау мақсатынд ауданда көптеген іс-шаралар жоспарланғаны белгілі. Бұл ауданның тоқсан жылдығына мәслихат депуттарының қосқан үлкен үлесі деп ойлаймын.
Мәслихат депутаттарының шың басына шығып, көк Туымызды көкке көтерудегі мақсаты – киелі тауды көпшілікке насихаттау. Туған жердің тарихын паш етіп, кереметтігін кейінгі ұрпаққа жеткізу.
Абылайхан Жылқыбаев - Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты
Қазығұрт киелі тау. Бұл таудың тарихи атаулары көп. Кемеқалған деген үлкен аңыз бар. Бұл бүкіл әлемдегі адамзаттан бастап жан-жануарлардың бәрі осы жерден тараған деген аңыз бар. Сол себептен бұл жерге келіп іс-шара жасап үлгі көрсету мақсатында жасап жатырмыз.
Қазығұрт тауы туралы аңыз - халық ауыз әдебиеті, дін ғылымы үшін де рухани азықтың қайнар көзі. Киелі өңірде «Ғайып ерен,қырық шілтен», «Ақбура ата», «Кемеқалған» тағы да басқа әулиелі жерлер өте көп. Қазығұрттық депутаттар аты аңызға айналған киелі жердің қадір-қасиетін арттыруды перзенттік парыз санайды.
С.Құттыбайұлы