Шымқаладағы көгалдандыру жұмысына биыл 500 адам жұмылдырылды. Соның тең жартысы гүл егумен айналысты.Биыл Шымкентте 15 мың шаршы метр жерге гүл көшеттері отырғызылды.Оның бәрі маусымдық емес,  арасында көп жылдық көшеттер де көп.

Жандос Оспанов - Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы

Бір ғажабы  егілген гүлдердің көбі қара күзде күні кешеге дейін жайнап тұрды.Қазір бір жылдық гүлдер алынып тасталып, орнына суыққа төзімді көктемде гүлдейтін қызғалдақ гүлдерінің көшеттері қондырылуда.Қыс бойы сәнін жоғалпайтын раушан гүлдері күтіп-бапталуда.Мұндай сәнді тірлік ауылда да бар.Елде гүл егуді кәсіп еткендердің қатары көбейіп келеді.Солардың бірі Сайрам ауданындағы «Ханжук» шаруа қожалығы  50 соттық жерге түрлі гүл егіп табыс табуда.

Октам Абдрасулов «Ханжук» шаруа қожалығының басшысы

 «Ханжук» шаруа қожалығы гүл өндірісімен 2007 жылдан бері айналысып келеді.Кәсіпкер Октам Абдрасулов жылыжайда бір жылдық гүлдің 70- тен астам түрін егіп отыр.Гүл өнімін өндіруде Қытай,Голландия технологяларын қолданылады.Қол жеткізген табыстары да қомақты.Өндірілген өнім Астана,Алматы, Ақтау,Ақтөбе қалаларына жөнелтуде.Екі жылдан бері Қырғызстанға экспортталуда. Отандық өнімді Ресейге шығару жоспарда бар.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ