Қазақстан мен Моңғолия тау кен саласын бірлесіп зерттемек. Ол үшін Қазақ үкіметі Моңғолияның ірі кәсіпорындарына инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолдау көрсетеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияға сапары аясында мәлімдеді. Сондай ақ, келесі жылы Моңғолия Президентінің Қазақстанға сапары жоспарланған. Астана мен Ұланбатыр арасындағы өзге де келісімдер жайлы әріптесім Нұргүл Ахметова тарқатады.
Нұргүл Ахметова – тілші:
Соңғы бір жылда қос елдің қарым қатынасын стратегиялық деңгейге жеткізу үшін маңызды қадамдар жасалды. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға сапары кезінде байланысты нығайту үшін бірқатар келісімдерге қол қойды. Ал осы жолғы кездесудің мақсаты сол келісімдерді нақты жүзеге асыру. Қос мемлекет сауда айналымын 500 млн долларға жеткізу үшін ауыл шаруашылығы, туризим, қорғаныс салаларын дамытуға басымдық бермек. Байланысты бекемдеу екі жаққа да тиімді. Моңғолия Қазақстан арқылы Орталық Азия одан қалды Еуропа нарығына шыға алады. Ал, біздер үшін Моңғолия солтүстік Шығыс Азия елдеріне шығатын баламалы бағыт. Ол үшін Моңғолия Үкіметіне ТрансКаспий дәлізінің оңтүстік және солтүстік дәлізін пайдалануға шақырамыз,-деді СІМ Мұрат Нұртілеу Моңғолияның сыртқы қатынастар министрімен болған кездесуде.
Мұрат Нұртілеу ҚР Премьер–министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі
Ауыл шаруашылығы саласында ветеринарлық вакциналарды тасымалдаймыз, кейін осы елде өндірісті ашуға келістік. Сондай ақ, пилоттық жоба ретінде Моңғолиядан 500 мың ешкі сатып алмақпыз. Бұл ет және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаның басы болмақ.
Батмунх Батцэцэг-Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі
Қазақстан біз үшін сенімді серіктес. Біз Қазақ елімен жеңіл өнеркәсіп нақты айтқанда жүн, тоқыма өндірісін бірігіп дамытқымыз келеді. Бұдан өзге екі ел арасында әуе рейстерінің санын көбейтуге, туризм, мәдениет саласында ынтымақты арттыруға келістік.
Нұргүл Ахметова – тілші:
Сондай ақ, Қазақстан қорғаныс саласында еуропалық стандартқа сай құрастырылған әскери техникаларды Моңғолияға жеткізуге, ал ғарышты игеру үшін мамандарды бірлесіп даярлауға келісті. Қазір біздің елде мыңға жуық моңғол жастары оқып жатыр. Келешекте Моңғолияда қазақстандық іргелі жоғары оқу орнының филиалы ашылуы мүмкін.