Ұн бағасын негізсіз көтеріп, қолдан қымбатшылық жасағандар жазаланды. Еске сала кетейік, 2023 жылдың күз мезгілінде бидай өнімдері күрт қымбаттап, қараша қалтасына ауыртпалық салған еді. Бәскелестікті қорғау департаментінің басшысы Ернар Қосбаевтың айтуынша келеңсіз жағдайды ұн өндірушілер сөз байласу арқылы әдейі ұйымдастырған.


ЕРНАР ҚОСБАЕВ, БӘСКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

«Ұн бағасын бір мезетте көтеру себептерін анықтау барысында сол мекемелер арасында сөз байласу анықталған. Яғни өзара келісіп бір мезгілде бағаны көтерген.»


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Сот аталған іске байланысты қаладағы бірнеше ұн өндіруші мекемені кінәлі деп тауып, айыппұл салған. Сондай-ақ заңсыз деп тапқан табысты тәркілеген. Сондай-ақ департамент «Қазтрансгаздың» Шымкенттегі филалы 1800 тұрғынға заңсыз айыппұл салған дейді.


ЕРНАР ҚОСБАЕВ, БӘСКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

«Айыппұл себептері газды мөлшерден тыс пайдаланды, ережелерді бұзып пайдаланған деген күдікпенен заңсыз айыппұл салған. Дегенмен бұл істі біз заңсыз деп танып сотқа жүгіндік.» 


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Мәселе жоғары сот қарауына жолданған. Егер сот департамент қорытындысын оң деп бағаласа 1800 абониенттің айыппұлы кешіріледі. Оның көлемі 170 млн теңге. Баспасөз отрысы әрі қарай сұрақ-жауап форматына ауысты. Ернар Қосбаев журанлистер жолдаған сауалдарға жеке-дара тоқталып, толыққанды жауап берді.