Түркістанда мектеп оқушыларын жазғы сауықтыру лагерімен қамту ісі қарқынды. Осы бағытта қазір 8 лагерь жұмыс істеп тұр. 7 мыңға жуық жасөспірім жазғы уақытын тиімді өткізбек. Ал Сауран ауданы мен Түркістан қаласының 350 баласы үшін «Балауса» лагері екінші маусымын ашты.


«Балауса» лагері талай жылдан бері түркістандық балғындарға қуаныш сыйлап отырған бірегей орталық. Соңғы жылдары модульді қосымша құрылыс арқылы бала қабылдау сыйымдылығы артқан. Соның негізінде біріншің маусымда 350 баланы жазғы сауықтырумен қамтыған. Екінші маусымда да тағы осынша балаға есігін айқара ашты.


ҒАППАР СӘРСЕНБАЕВ, МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Жазғы сауықтыру – балалардың академиялқ білімнен соң сергітетін орталық. Бұл жерде балалар түрлі үйірмелермен қамтылып, шығармашылық дағдысын қалыптастырады. Осындай орталықтар оқушыларға көп дос табуға мүмкіндік береді.


БАҚЫТЖАН ТӨЛІМБЕТ, БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Жаз бойы оқушылардың денсаулығын нығайтып, қызықты әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында тиісті жағдайлар жасалған. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балалары үшін де арнайы жолдамалар қарастырылған. Бұл – балалардың тек тынығып қана қоймай, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін орта. Ал лагермен қамтылу көрсеткіші жыл сайын артып келеді.