Қыркүйек айынан бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары бақылауға алынады. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов осылай деді. Салық органдары негізгі үш критерийге басымдық береді. Алғашқысы шотыңызға 100 түрлі адамнан ақша аударылуы тиіс. Екіншісі бұл үрдіс үш ай бойы үздіксіз қайталануы керек. Ал соңғысы аударымдардың жалпы соммасы 1 млн теңгеден асуы міндет. Осы жағдайда ғана банктер мемлекеттік органға жасалған операциялар туралы толық ақпарат береді. Ал бір біріне туыс адамдардың арасындағы аударымдар есепке алынбайды.