Биыл 35 мыңнан астам жас, маусымдық жұмыспен қамтылады. Олар еңбек етіп қоймай, өздері тұратын қала мен елдімекенін көгалдандыруға, абаттандыруға үлес қосады. Сонымен бірге, елдің экологиялық ахуалын жақсартуға септігін тигізеді. Істеген жұмысына қарай жалақы да алады. «Jasyl el» жастар еңбек жасақтары республикалық штабы басшысының айтуынша, қазір бұл шараға жастардың қызығушылығы артқан.


НҰРАСЫЛ БЕКМАТОВ - «JASYL EL» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жастар тегін жұмыс істемейді өзінің жасаған жұмысына белгілі бір көлемде қаржы қарастырылған. Қазіргі уақытта өзінің ауыл-аймағын барынша ағаштарды көбірек отырғызуға, қоқыстарды сұрыптап тастауға экологиял мәдениеттің жоғары болуына үлестерін қосып келе жатыр. Қазір біз мемлекеттік мекемелермен бірге, жыл сайын осы жастардың қатысу бойынша квоталарды көбейтуді пысықтап жатырмыз