Елімізде арнайы құрылғылардың арқасында орман өрті 3 есеге азайды. ((КСМ:)) Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, бүгінде Ертіс орманы, Бурабай, Көкшетау және Алматы ұлттық паркінде биіктігі 30 метрлік антенналар орнатылған. Ол өртті ерте анықтап, қауіп-қатер туралы мәлімет береді. Осындай заманауи құрылғылардың көмегімен Баянауыл, Қарқаралы, Жасыл аймақ сынды өртке бейім 23 орман шаруалығы анықталған. Министрлік қазір ауаның ластануын және табиғи полигондарды ғарыштан бақылау, ормандарды заңсыз кесуден сақтау сынды жұмыстарды цифрландырып жатыр.
ТӨРЕГЕЛДІ АЙНАБЕКОВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ
Алдағы бес жылға өзіміздің цифрлық трансформация картасын әзірледік. Онық ішінде «Блокчейн» бар, «Бигдата», «ЖИ» мен жерсеріктік бақылау технологиялары бар. Ең ірі жобалардың бірі ол қоршаған орта мен табиғи ресурстар банкі. Бұл платформада бүкіл экологиялық деректер жиналып, талдау жұмыстары жүргізіледі.