Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қытайлық инвестор Чжоу Хайвэймен кездесті. Астанадағы жеңіл рельсті көлік жобасына қатысқан иелігіндегі компания Түркістан өңірінде де ірі инвестициялық жобаларды қолға алмақ ниетте. Кездесу барысында тараптар өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу барысында Түркістан қаласының Шығыс айналма жолы мен Өзбекстан Республикасы шекарасынан Шардара–Арыс бағытындағы жол құрылысы жобалары бойынша келіссөздер жүргізілді. Бұл көлік дәлізі — халықаралық транзиттік бағыттар желісін кеңейтіп, өңірлік логистикалық әлеуетті арттыруға, сондай-ақ көрші елдермен экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Осында біржиырма Астана қаласында кездесіп құжатқа қол қойған болатынбыз жалпы жұмысты алдыға басуға жүз пайыз дайынбыз сонда біраз сұрақтар көтерілген жол мәселесі бойынша өзіңіз білес қазіргі таңда проекті кірді сол праекттіден шықанан соң келісім шартқа отыратын боламыз сол бойынша жұмыстарымыз басталды жәнеде бұдан басқа темір жол бойынша ұсыныс берген болатынбыз өзімізде ауыс су мәселесің көтерген болатынбыз құжаттарын сол бойынша беретің боламыз 00:38
Сондай-ақ кездесу барысында өңірде құрылыс материалдары зауытын салу жобасы талқыланды. Оның алғышарттары мен іске асыру кезеңдері таныстырылды.
ЧЖОУ ХАЙВЭЙ, «CHINA RAILWAY ASIA-EUROPE CONSTRUCTION INVESTMENT CO, LTD.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
-Осы жылы Астанада өткен санмите біздің ASIA EUROPE праектасы іске қосылды Астана халқы жақсы қабылдап жатыр және призиденте үлкен жоғары бағасын берді
-осындай жоғары сападағы Қытайдың өнімдеріне жақсы көз қарас білдірді призидент
-сол үшінде Қазақстанда әрі қарай жұмыс жасауға Инвестиция құюға сеніміз артып отыр
China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd 2015 жылы құрылған. Орталық Азия аумағында мамандандырылған инвестициялық-құрылыс қызметімен айналысатын компанияның жарғылық капиталы 300 миллион юаньды құрайды. Негізгі қызмет бағыттары – көлік, энергетика, химия өнеркәсібі және инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды іске асыру. Бұл компания елімізде де бірқатар ірі жобалалардың жүзеге асуына атсалысып келеді