Биыл жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған орай еліміздің өркендеуіне үлес қосып келе жатқан қарапайым қызметкерлердің мәртебесін асыруда жүйелі жоспар түзілген. Орта арнаулы оқу орындарында білім алған жастарды жұмыспен қамту ісі де жүйелі. Осы бағытта атқарылып жатқан шаруалар "Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі" комиссияның кезекті отырысында айтылды
Жиынға Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев төрағалық етті. Комиссия құрамында мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, кәсіподақ ұйымдары мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Отырыстың мақсаты жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қатынастарын тиімді реттеу, әлеуметтік әріптестікті дамыту. Кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасындағы диалогты нығайту.
БАУЫРЖАН АЛТЕЕВ, «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
үкімет пен кәсіподақ бірлестіктері жұмыс берушілермен оосылай мәселе көтерілген. Ол тұрақты түрде өз отырысын өткізіп тұрады. Бұл комиссияның шешімі де өте маңызды.
Жастар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы жыл сайын министрліктің бұйрығымен бекітіліп отырады. Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру қағидасы қалыптастырылған.
ЖАНАР ҚАСЫМОВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Салалық басқармалар мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұсынған жұмыспен қамтуды үйлестіру және Әлеуметтік кадрлар басқармаларын қажеттілігіне сәйкес 2025-2026 оқу жылына техникалық мамандықтарға сұраныс 80 мамандық бойынша 16369 ды құрады.
Жиында жастарды жұмыспен қамту ісі ширақталды. Мұндай форматтағы кездесу — еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және өндірістік даулардың алдын алу тұрғысынан маңызды алаң.