Бұдан былай қазақстандықтардың шетелден онлайн сатып алған тауарлары декларацияланады. Мәжіліс бүгін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартын ратификациялады. Бұған дейін жеке тұлғалар шетелдік онлайн дүкендерден сатып алған тауарлары туралы есеп бермейтін. Тек нормалары 200 еуродан немесе 31 келіден асқан кезде ғана декларацияланады. Осы санаттағы тауарларға салық салу тәсілі де өзгереді. Кез келген сату көлемі үшін сатып алушы елінің ұлттық заңнамасына сәйкес сатушыдан қосылған құн салығы алынады.
СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ
Мен атап айтып кеттім. 200 еуро. 31 кг. Одан аспаса деклорация тегін жазылады. Ешқандай жеке тұлғалар қаражат төлемейді. еуродан асса онда қосымша құн салығы төленеді. Соған қосымша 5 процент тағы да кедендік баж төленеді. Толығымен 17 процент болады