«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі Абай ауданында. Кезекті мобильді қоғамдық қабылдау Қайнарбұлақ тұрғындарының мәселесіне арналды. Бұл шара «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында жүзеге асуда.


Іс-шара барысында азаматтар инфрақұрылым, қоғамдық көлік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау бағытындағы мәселелерін көтерді. Қабылдауға келгендердің өтініштері жеке-жеке тыңдалып, бірқатар мәселелер сол сәтте шешімін тапты. Ал зерделеуді қажет ететін өтініштер хаттамаға тіркеліп, партиялық бақылауға алынды. Жаз мезгілінде қоқыс мәселесі де тұрғындарды қатты толғандырады.


СПИКЕР:ОРЫНКҮЛ ҚАНАЕВА , ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Біздің ауылда азаннан кешке дейін проблема мусор біреуден екі мың біреуден 1600 теңге алады соны жөндеп шешпейді. Әр күні келіп жинайды жолда тұрған қоқысты мал шашашады жұмысы жүйелі емес осы мәселені айттым.


Қайнарбұлақ елдімекенінде жер дауыда өзекті. Кезінде ауыл әкімдерінің шешімдерімен жер телімдері оңды-солды таратылған. Сайрам ауданына қарасты жерлер мегаполиске қосылғалы құжаттандыру жағында қиындықтар туындаған.


ЖӘНІБЕК ДАРХАНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ

Басым көпшілігі маған келіп түскен мәселелер бойынша жер мәселесіне қатысты сұрақтар болды. Мысалы жер бөлінген кезінде ауыл әкімдерінің шешімдері шыққан бірақ кейбір үйлердің жер телімдеріне қатысты гос актілерін реттеу сияқты мәселелер көтерілді.


Тұрғындар да мұндай бастамаларға ризашылықтарын білдіріп, қабылдаудың жиі ұйымдастырылып тұруын ұсынды. Жалпы, жыл басынан бері Шымкент қаласының шалғай елдімекендерінде осындай 17 көшпелі қабылдау өткізіліп, 300-ден астам азаматтың мәселесі қаралған. Олардың 60 пайыздан астамы оң шешімін тауып, қалғанына заң аясында кеңес берілген.