Осы аптада кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына грант бөлу туралы комиссия отырысы өтті. Оған шаһардағы 40 колледждің 29-ы қатысып, өтінім жолдаған еді. Зерделеу нәтижесінде ұсыным берген ұйымдар іріктеліп, 26-сы мемлекет беретін мүмкіндікке қол жеткізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек баспасөз отырысында мәлімдеді.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
26 коледжге 8 мың грант бөлінді. Енді олар студенттерді 80 мамандық, 99 біліктілікке ақысыз негізде оқытады. Өтінім берген ұйымдардың үшеуі сыннан сүрінген. Бірақ бұл олар жұмысын тоқтатып, бала оқытпайды деген сөз емес.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
«Шымкент мамандандырылған коледжі, Қазақстан жоғары медициналық коледжі, Оңтүстік қазақстан жоғары медициналық коледждері уәкілетті орган белгілеп берген талаптарға сәйкес еместігі анықталды. Бұл деген бұл коледжер бала оқыта алмайды деген сөз емес, тек мемлекеттік гранд ала алмайды деген сөз.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Жұмысшы мамандықтары оқуға емтихансыз қабылданады. Байқауда оның мектептегі сабақ үлгерімі, атестаттағы баға жиынтығы негізге алынады.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
«Атестаттың балы саналуы арқылы не оқуға қабылданады не балы жетпеген жағдайда оқуға қабылданбайды.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Өткен аптада мегаполисте 143 қылмыстық іс тіркелген. Антирейтингті бастап тұрған аялақтық фактілері. Құйтұрқылықпен өзгенің қаржысына қол сұғатындар тыйылмай тұр. Бір апта ішінде мұндай 53 бұзушылық анықталған. Шіміркпей жалған сөйлеп, қапыда қақпанға түсіретіндер жалған жарнама жасап, жоқ тауарды сатып алуға шақырады. Инвистиция жасасаң, ақшаңды еселеп көбейтесің деп алдап соғады. Тіпті, банк немесе мемлекет қызметкерімін деп қысым жасап, қоқан-лоққы көрсететіндер де бар.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
«А есімді азаматша өзінің танысына мемлекет тарапынан жәрдемақы алып беремін деп сеніміне кіріп, алдау арқылы 2 млн теңгесін алаяқтық жолмен иемденген. Ол бойынша қылмыстық іс тергелуде»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Брифинг соңы дәстүрлі сұрақ-жауап форматына жалғасты. Алдымен Сәрсен Абайұлы өткен брифингте қойылған сауалдарды толықтырып, жан-жақты ақпарат берді. Одан кейін баспасөз отырысына келген БАҚ өкілдері түрлі тақырыпты тарқатып, көкейтесті сауалдарға жауап іздеді.