Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы бұған дейін де талай игі жобаларға ұйытқы  болған. Былтыр  қымызмұрындық, саятшылық секілді жобаларды жүзеге асырған. Ұйымдастырылған шаралар бүкіл облысты қамтып, үлкен жобаға айналған.  Биылғы бастама -  «Ұлы дала стилі». Бұл-ұлттық үлгіде кеңселік киім кию мәдениеті.

Жәнібек Тағаев – Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығының директоры

Елбасымыздың ұлы даланың жеті қыры атты мақаласын біз ұстана отырып біздің орталық ұлттық ою-өрнек түскен киімімізді насихаттауды қолға алдық. Бұл киімді тек мейрамдарда ғана емес күнделікті пайдалануды әдепке айналдыру керекпіз.

Орталық көтерген бастаманы қала тұрғындары қолдап отыр. Солардың бірі - Дана Мәмекова. Оның айтуынша заманауи киімге ұлттық атрибуттарды пайдалану арқылы дәстүрімізді дәріптейміз, ұлтымыздың мәртебесін биіктетеміз.

Дана Мәмекова – Шымкент қаласының  тұрғыны

Ұлттық бірегейлікті сақтау керек деп жатыр ғой. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Себебі ұлттық киімдерімізді заман талабына сай етіп киу өзіміздің  ұлтымызды паш еткеніміз.

Ұлттық киім кию жобаса эстафета түрінде жалғасатын болды. Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы келесі кезекті Оңтүстік  арнасына  беріп отыр. Енді арнамызда сәнге айналатын киім кию дәстүрі  қолға алынып, жобаның жалауы өзге мекемелерге жолданады. Бұл эстафета сіздің ұжымыңызға да келіп қалуы мүмкін. Сондықтан ұлттық мәдениетті дамытуға сіз де атсалысыңыз.

К. ДҮЙСЕНБІ