Шәйді сүйетін оңтүстік жұртшылығы кофені де ұнатады. Нарықтағы қажеттілікті зерттей келе Шымкенттік кәсіпкер жылдам еритін қант пен құрғақ сүт араласқан кофе шығаратын өндіріс цехын ашыпты. Жұртшылық кеңінен тұтынатын бұл сусынға деген сұраныс күннен күнге артып келеді.
Әлімжан Убайдуллаев «Нефис Групп» ЖШС-нің бас директоры
Бүгінде тынымсыз тірлік етіп уақыт үнемдегісі келетін жандарға тез еритін кофе өте тиімді. «Нефис Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде елге кеңінен тараған 3 те 1 деп аталып кеткен кофе шығару жұмысы қарқынды.Кәсіпорында кофеден бөлек ылғалды салфеткалар шығыратын өндіріс орны да жұмыс істейді.
Малика Рахымбайқызы «Нефис групп» ЖШС –нің директоры
Айта кетейік бұл жобаның жалпы құны 10 миллион теңгені құрайды. Бүгінде кәсіпорын тәулігіне 25 мың дана ылғалды салфеткалар шығаруға қауқарлы. Өндіріс өнімдері Түркістан облысының барлық аймақтарына тарайды. Сондай-ақ бұл өнімді Алматы ,Ақтау, Қызылорда қалаларының тұрғындары да тұтынады.
С.Құттыбайұлы