Ал, ерте пайда болған жүктілік нәрестемен қоса, ананың да денсаулығына зиян екенін, бұл жастағы қыздардың ағзалары мұндай ауыр үдерісге дайын емес екенін сіз бен біз жақсы білеміз. Білсекте үнсізбіз. Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымына жетіп, осыдан сегіз жыл бұрыңғы жиында 11 қазанды Халықаралық қыздар күні етіп жариялаған болатын. Ондағы мақсат нәзік жандылардың құқықтарын қорғау, қыздар бойындағы қандайда болмасын мәселелерін шешуге жәрдем беру. Осы айтулы датаға сәйкес, Түркістан қаласында «Қыз бала ұлттың ұяты,халықтың шырайы» тақырыбында апталық өткізу жоспарланған. Апталық аясында бірнеше шара өткізу көзделуде.
Гүлжан Оразгелдиева – Балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Осы апталық аясында балалар мен жас өспірімдер орталығында арнайы кеш өтті. «Қыз-өмір көркі» тақырыбында мәдени шараның мақсаты аталар салған сара жолды қыздар санасына сіңдіру болып табылады. Кездесуге орталықтың оқушылары мен арнайы қонақтар қатысты. Шара барысында қонақтар қыздардың бүгінгі келбеті, тәрбиесі, әдебі мен тәртібі жөнінде орамды ойларын ортаға салды.
Гүлжан Оразгелдиева - Балалар мен жас өспірімдер орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Шара балалар мен жасөспірімдер орталының өнерлі жастарынының орындауында қазақ қыздарының мінезін бейнелейтін әсем әуендер мен өріліп, өлеңдер оқуменен жалғасты. Қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз.Сондықтан осы бағыттағы іс-шаралар апта соңына дейін өз жалғасын таппақ.
Ө. Мырзабек