Президенттік жастар кадр резервіне 50 маман қабылданады. Биылғы байқаудың басты ерекшелігі – енді квота әр сала бойынша бөлінеді. Қазір резервке іріктеу кезеңі өткізіліп жатыр. Үміткердің жасы 35-тен аспаған, мемлекеттік тілді меңгерген, жұмыс тәжірибесі 5 жыл болуы керек. Құжаттар онлайн түрде қабылданады. Айта кетейік, бүгінге дейін резервке 400 маман қабылданған. Олар мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жұмыс істеп жатыр.
ЖАНДОС ШАЙМАРДАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Президентті жастар кадр резервіне алғашқы лекте біздер қатысқан кезде мен ол кезде аудан әкімі қызметін атқарып жүрген болатынмын. Сол аудандағы, ауылдық жерде жинаған тәжірибемізді осы кадр резерві арқылы Республикалық деңгейде өз тәжірибемізді әрі қарай іске асырып, бөлісуге жоғары деңгейдегі маман болуға ұмытылыс берді