Энергетикалық қауіпсіздік өте маңызды. Әсіресе, цифрлық және инновациялық шешімдер арқылы салада тиімділікті арттыру қажет. Бүгінде әлемдік талап осы, - дейді ядролық физика институтының директоры.


САЯБЕК ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ, ҚР ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

Егер энергетикаға бір елге тәуелді болатын болсақ, мысалы өндіріс кезінде немесе жарық қажет кезде, онда біз оны толық қауіпсіздік деп айта алмаймыз. Энергетикалық қауіпсіздіктің өзінің инновациялық және цифрлық технологияларын енгізу ол заманауи талап. Яғни өзіміздің халқымыздың Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін инновациялар арқылы олардың бәрін реттеп, оны әрқашан оңтайластырып отыру қажет.