Мақтаарал ауданы Атамекен кеден бекеті маңында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы салынады. Осыған байланысты облыс әкімдігінде қажетті инфрақұрылым желілерін жеткізу мәселесі және орталықтың әлеуеті талқыланды.


Өңір басшысына орталықта іске асырылатын бірқатар инвестициялық жобалар тізбесі таныстырылды. Жаңа жоба сәтті жүзеге асса, қосымша жұмыс орындары ашылып, аймақтың экономикалық әлеуеті артады. Кәсіпкерлік дами түседі. «Сондықтан Мақтаарал ауданы әкімдігі мен жауапты басқармалар жұмысты жүйелі атқарулары тиіс. Тұрақты қадағаланады, жұмысты ширатыңыздар», – деді Нұралхан Көшеров. «Орта Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының іске асуы өңір экономикасына серпін беріп, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етпек. Сонымен қатар бұл орталық аймақтың логистикалық әлеуетін арттырып, Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтатын ірі платформа болмақ.