«Шымкент – қызғалдақтар қаласы» атты халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті. Қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің және шет елдің қылқалам шеберлері қатысып, шаһарымыздың көрікті жерлерін кенеп бетіне түсірген болатын. Ол үшін «Арбат алаңы», «Тәуелсіздік монументі», «Шымқала» тарихи – мәдени кешені сынды 16 локация таңдалған.
4 күнге жалғасқан симпозиумда қылқалам шеберлері қаламыздың бүгінгі келбеті мен табиғатын сан түрлі бояумен бейнеледі. Бірі шаһарамыздың көрікті жерін таңдаса, енді бірі тарихи кешендерді кенеп бетіне түсіріп қайталанбас жаңа өнер туындыларын жасады.
СӘУЛЕ АХМЕТОВА, СУРЕТШІ
Қаламызда алғаш рет өткізілген халықаралық симпозиумға еліміздің әр өңірінен және Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Өзбекстаннан және Татар елінен 16 суретші қатысты. Олар шығармашылық алаңында өзара тәжірибе алмаса отырып, бұдан кейін де байланыстарының үзілмейтінін жеткізді.
ӘБДІМҮТӘЛІП АХМЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ
Симпозиумға қатысқан суретшілер қала әкімінің алғыс хатымен марапатталып, арнайы сертификатарға ие болды. Ал, шалқар шабытпен жасалған өнер туындыларын олар көрмеге табыстады. Бұл еңбектер А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының «Шымкент — қызғалдақтар қаласы» атты көрме залында бір ай бойы көрермен назарына ұсынылады.